Жаңалықтар

Ақмола облысы Кіріс департаментінің басшысы ұсталды

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кіріс департаментінің басқарма басшысын пара алды деген күдікпен ұстады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

"Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Оған бұлтартпау шарасын қолдану мәселесі қаралуда",- делінген ақпаратта.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес тергеу мүддесінде өзге ақпарат жария етуге жатпайды.