Шоу-Бизнес

"Мәһрге Lamborghini уәде еткен": Айгүл Иманбаева күйеуі сыйлаған көлігін көрсетті

Танымал актриса, әнші Айгүл Иманбаеваға күйеуі көлік сыйлады,

Әнші Instagram желісіндегі storіеs бөлімінде жаңа көлікпен жүрген сәтінен видео жариялады.

"Жездем Айгүл Иманбаеваға көлік сыйлады. Әлі нөмірін де алмаған", - делінген бейнежазбада.

Осы ретті актриса бұл көлікті күйеуі не үшін сыйға тартқанын айтып берді.

"Күйеуім маған мәһрге Lamborghini уәде берген. Келсем: "әзірге Lamborghini емес, Tesla алып қойдым" дейді. Міне", - дейді ол жаңа көлігін көрсетіп.

Айтуынша, күйеуі Лос-Анджелес көшелерінде көлік жүргізуді үйреткен.