Үкімет азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету қағидаларына өзгерістер енгізді.
"Атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға, сондай-ақ мемлекеттік АӘК алмайтын, бірақ жан басына шаққандағы табысы күнкөріс минимумынан төмен отбасылардан шыққан балаларға мектепке дейінгі ұйымдарға барған кезеңде тамақтануға жұмсалған шығындар жергілікті бюджет есебінен 100% мөлшерінде өтеледі", — делінген құжатта.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысында көрсетілгендей, білім беру кезеңінде әлеуметтік көмек көрсету білім беру ұйымдары немесе мемлекеттік органдар тарапынан жүзеге асырылады. Ол үшін кәмелетке толған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің еркін түрде жазылған өтініші мен растайтын құжаттар қажет.
Қаулы 2025 жылғы 14 шілдеден бастап күшіне енді.