Талғар маңында төрт жігіт кәмелетке толмаған қызды зорлаған
Алматы облысының полиция департаменті жедел-іздестіру іс-шаралары барысында барлық төрт күдікті ұсталғанын хабарлады, деп хабарлайды buginmedia.kz.
«Олар уақытша тергеу изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта қылмыстың барлық мән-жайын зерттеуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүріп жатыр. Тергеу облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында», - делінген хабарламада.
Айта кетсек, осыған дейін Талғарда тергеу изоляторынан жиен қарындасын зорлаған күдікті қашып кеткені хабарланды.