Премьер-Министрге Перизат Қайратқа қатысты сұрақ қойылды
Премьер-министр Олжас Бектеновке Перизат Кайраттың атышулы ісіне байланысты қайырымдылық қорларының жұмысына қойылатын талаптар күшейтіле ме деген сұрақ қойылды, деп хабарлайды buginmedia.kz.
"Қазір Перизат Кайратқа қатысты даулы, резонанс тудырған іс жүріп жатыр. Осы жағдайға байланысты қайырымдылық қорлары мен азаматтардан қаражат жинаумен айналысатын ұйымдардың жұмысына талаптар күшейтіле ме?" деп сұрады журналист.
Олжас Бектенов қоғам белсендісі Перизат Кайраттың ісімен таныс екенін айтты.
"Иә, мен бұл жағдайдан хабардармын. Өкінішке қарай, өмір тек бюджет қаражаты ғана емес, азаматтардан қайырымдылық түрінде жиналған қаражат та мақсатсыз жұмсалатынын өмір көрсетіп отыр. Бұл жалғыз мысал емес, басқа да осындай жағдайлар бар. Бірақ бұл – ең даулы, ең шулы іс шығар", – деді премьер.
Бектеновтың пікірінше, Қазақстанда қаражат жинау саласына тиісті заңнамалық түзетулер қажет, оның шығыны есепті, бақыланатын әрі ашық болуы тиіс.
"Құқық қорғау органдары, менің ойымша, қаражатты жымқыру қандай жолмен жүзеге асырылғанын көрсететін нақты механизм ұсынады. Соның негізінде болашақта осындай құқықбұзушылықтардың алдын алу үшін қандай да бір заңнамалық түзетулер қабылдануы мүмкін", – деп қосты министрлер кабинетінің басшысы.