ҰҚК құрамына кірген Антикордың жаңа басшысы тағайындалды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жақында Ұлттық қауіпсіз комитетінің құрамына қосылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің директорын тағайындады, деп хабарлайды buginmedia.kz.
«Мемлекет басшысының өкімімен Нұржан Маратұлы Құсайынов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің директоры лауазымына тағайындалды», – делінген Ақорда таратқан ақпаратта.
Президент 30 маусым күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрамына кіргізу туралы жарлыққа қол қойды.