Жамбыл облысында 6 балдық жер сілкінісі болды
Жамбыл облысында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды buginmedia.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
«Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 8 шілде Астана уақытымен 14:30-да жер сілкінісін тіркеді.
ТЖМ ақпаратынша, жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында 334 шақырым жерде Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай орналасқан.
Жерасты дүмпулері мына елді мекендерде тіркелді:
Құлан а. – 6 балл;
Мерке а. – 5 балл;
Шу қ. – 3 балл;
Сарыкемер а. – 3 балл;
Төле би а. – 3 балл;
Тараз қ. – 3 балл;
Аса а. – 2 балл;
Мойынқұм а. – 2 балл;
Қордай а. – 2 балл;
Бауыржан Момышұлы а. – 2 балл;
Қаратау қ. – 2 балл;
Тұрар Рысқұлов а. – 2 балл;
Зардап шеккендер мен қирандылар туралы мәлімет түспеген.