Жаңалықтар

Демалыс күндері Қазақстанның кей өңірлерінде 45-46 градусқа дейін ыстық болады

"Қазгидромет" РМК демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен Қазақстанның көп бөлігінде найзағайлы жаңбыр күтіледі.

5 шілдеде республиканың солтүстігінде, 5-6 шілдеде шығысында қатты жаңбыр, бұршақ және дауылды жел болжанады. Тек республиканың оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Ел бойынша желдің күшеюі, оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі.

5 шілдеде еліміздің шығысында күндіз өте қатты ыстық – 40-42°С, оңтүстігінде – 45-46°С, оңтүстік-шығысында – 40-45°С болады деп күтіледі. Қалған өңірлерде ауа температурасының айтарлықтай өзгеруі болжанбайды.