«Бақыттың ерте-кеші жоқ»: танымал қазақстандық актриса тұрмысқа шықты
Журналист Ләйлә Сұлтанқызы танымал актриса, кинопродюсер Құралай Анарбекова тұрмысқа шыққанын сүйіншіледі, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
«Бақыттың ерте-кеші жоқ. Құрбым, жақыным Құралай Анарбекова қалыңдық атанды. Ақжүрек, кең пейіл азаматың сені алақанында аялап өтетініне сенемін! Бір-бірін ұзақ күтіп, жолықтырған құрдастарға мәңгілік махаббат тіледім!», - дейді Ләйлә Сұлтанқызы.