Жаңалықтар

Шетелдік валюталардың 23 қазандағы бағамы жарияланды

Астана, Алматы  қалаларындағы айырбастау пункттеріндегі валюталардың 23 қазандағы бағамы жарияланды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 483 - 488 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 23 қазанға арналған ресми бағамы — 1 долларға 484,19 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,03 теңге. Еуро — 524,28.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 483 теңге, сатып алу құны — 488 теңге. Еуро 524 теңгеден сатылып, 530 теңгеден сатып алынады.

Ал Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 485,3 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 488,3 теңге. Еуро 524,5 — 528,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,97 - 5,07 аралығында саудаланып жатыр.