Алғаш рет "Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері" құрметті атағы 3 адамға берілді
Биылдан бастап құрметті атақтар қатарына «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» атағы қосылды, деп хабарлайды buginmedia.kz
«Ұлттық ғылыми медициналық орталығы» акционерлік қоғамының бас директоры А.Байгенжин, «Ұлттық ғылыми онкология орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі гематология орталығының басшысы В.Кемайкин және Қарағанды облыстық клиникалық ауруханасының дәрігері Б.Цхай жаңа құрметті атақтың алғашқы иегерлері атанды.
Айта кетйік, бұған дейін Республика күні қарсаңында Президент Жарлығымен бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталғаны туралы хабарлаған болатынбыз.