Ақнәр Хамиттің жұмбақ өліміне қатысты тағы тың дерек шықты
Елдегі танымал блогер Жан Ахмадиев Ақнәр Хамит терезеден құлаған сәтінің бейнежазбасына сараптама жасатқанын айтып, мәлімдеме жасады, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Блогердіңайтуынша, видеоны Қытай полициясында қызмет ететін танысына көрсеткен. Инфрақызыл жарықпен жасалған талдау нәтижесінде Ақнәрдің артында бір бойжеткеннің тұрғаны анық көрінген.
"Ақнәрдің өліміне қатысты шындық ашыла бастады! Жаңа видеожазбалар мен сараптама нәтижелері Рано мен Дидарға күмәнді күшейтіп отыр. Инфрақызыл талдау арқылы алынған бейнематериалда Ақнәрді біреудің итеріп жібергені анық көрінеді. Ақнәрді шашы ұзын, арықтау қыздың лақтырып жібергенін байқауға болады. Кім екенін анықтап жатырмыз.Бұл – жай ғана теория емес. Бұл – дәлелденуге жақын шындық! Рано мен Дидар, әлі де кеш емес. Анасының алдында тізе бүгіп, кешірім сұраңдар. Ақнәрдің рухы тынышталсын. Қыздар мен сендер жайлы бәрін білемін. Рано жүкті екенсің, құрсағыңдағы сәбиіңді аясаңшы", – дейді Жан Ахмадиев өз парақшасында.