Жаңалықтар

Астанада жол апатынан 24 жастағы жігіт көз жұмды

Астана қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол апаты сейсенбі күні Қалдаяқов көшесінің бойында болған, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Алдын ала мәліметтер бойынша, 24 жастағы жүргізуші "Арыс" көпірінің бойымен келе жатып, көлікті басқара алмай қалған. Соның салдарынан көлік аударылып, жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, өзге екі көлікпен соқтығысқан.

Жүргізуші алған жарақаттарының салдарынан оқиға орнында көз жұмды.