"Халықтың арасына шығып кетті": Тұрсынбек Қабатовтың әйелі күйеуі жайлы қауесеттің шындық екенін мойындады
Белгілі журналист Анна Данченко Айгүл Иманбаеваның тойына жалғыз өзі келген Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқановадан сұхбат алып, оған қатысты шындықты сұрады, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Мөлдір отбасына қатысты айтылған қауесеттің шындық екенін мойындады.
"Қазір халықтан жасыратын нәрсе қалмады, сөздің шыны керек. Отбасымызда болып жатқан жағдайға қатысты жігітіміздің абыройы үшін деп сабыр сақтап келіп едік. Халықтың арасына шығып кетті. Ақиқатын ашып айтпаймын. Халық өзі біліп алады. Бәрі жақсы, уайымдамаңыздар. Міне, жүрміз жарқырап", - деді Тұрсынбектің әйелі.
Мөлдірдің жанында тұрған Нұрлан Еспанов оған қолдау білдірді.
"Мөлдірге жаман нәрсе жаза бермеңіздерші. Күйініп кетуі мүмкін. Қыз баласы ғой. Қызды қолдасаңдаршы. Ол тәй-тәй басып, өнерге келіп жатыр. Ал біз аяқтан шала береміз, шала береміз", - деді әнші.