"Қарапайым нәрселерде — терең шындық бар": Төреғали Төреәлі оқырмандарын ойландырып қойды
Белгілі әнші Төреғали Төреәлі әлеуметтік желіде тағы да екіұшты жазба жариялап, оқырмандарын ойландырып қойды, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Ол желіге ақ-қара түсті суретін жүктеп, жазба жариялады.
"Қарапайым нәрселерде — терең шындық бар. Күннің иісі. Бала күлкісі. Қара нан. Музыкасыз күн. Дауыссыз таң. Сондай кезде жүрек қайта тыныс алады", - деп жазды әнші.
Бұған дейін ол "бәрін тоқтатқанын" жазған болатын.