Бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаев 9 жылға сотталды
Экс-министрдің мүлкі тәркіленіп, 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров мәлім етті, деп хабарлады buginmedia.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.
"Бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаев 9 жылға бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленді. Экс-шенеунікке қатысты қылмыстық іс алаяқтық, аса ірі мөлшерде ұрлық жасау, кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу фактісі бойынша тергелді", — деді Данияр Бигайдаров ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.
Сондай-ақ агенттіктің ресми өкілі тергеу "құпия" белгісімен жүргізілгендіктен, қылмыстық істің мән-жайы жариялауға жатпайтынын ескертті.
Айта кетсек, бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаевтың ісі сотқа биыл наурызда түсті. Ол 2023 жылы қазанда лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталды.