Саясат

Антикор ҰҚК-ның құрамына қосылды

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қайта ұйымдастырылып, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) құрамына қосылды, деп хабарлады buginmedia.kz.

"Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қосу арқылы Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) қайта ұйымдастырылсын. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ведомствосы – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі (бұдан әрі – Қызмет) құрылсын", -  делінген Ақорда хабарламасында.