Саясат

Экс-қорғаныс министрі жаңа қызметке тағайындалды

Бұрынғы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлады buginmedia.kz.

«Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды», - делінген Ақорда хабарламасында.