Жаңа көлік министрі тағайындалды
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Нұрлан Сауранбаев көлік министрі болып тағайындалды, деп хабарлады buginmedia.kz.
«Мемлекет басшысының жарлығымен Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев Қазақстан Республикасының көлік министрі лауазымына тағайындалды», - деп мәлімдеді Ақорда.
Бұған дейін Көлік министрлігін Марат Қарабаев басқарған. 8 маусымда президент оны қызметінен босатты.