Шоу-Бизнес

«Көз жасына тұнған шындық»: Тұрсынбек Қабатовтың әйелінің видеосы желіде қызу талқыға түсті

Продюсер Мөлдір Мұқанованың көз жасына ерік берген видеосы желіде қызу талқыға түсті, деп хабарлайды buginmedia.kz.

«Сахнада - күлімдеген бейне.  Камера сыртында - көз жасына тұнған шындық. Мөлдірдің көз жасы жай кадр емес... Бұл - жылдар бойы жиналған сырдың тамшысы ғана», - деп жазылған видеоның сипаттамасында.

Желі қолданушыларынің бірі оған жанашырлық білдірсе, бірі бұны хайп үшін түсірілген дүние деп жазған.

«Жаным, әйелдің бейнесі шыдағанымен, жүрегі мықты емес!», «Шынымен Тұрсынбек баска әйел алып кеткен бе,сұмдық-ай, ұл десе ұл,қыз десе кызы бар,не жағдай болды екен.Мөлдірді көріп косылып жылап алдым-ау, қиын ғой негізі», «Қыздар, бірге киносына барып, қолдау көрсетейік!», «Жаңа әніне жарнама жасап отыр», «Бұл да хайп, концертке адам шақырудың амалы», – деп жазды желі қолданушылары.

View this post on Instagram

A post shared by ШӘЙ В БОЛЬШОМ ГОРОДЕ (@shai_v_bolshom_gorode)