Жаңалықтар

Индонезияда ұсталған екі қазақстандық өлім жазасына кесілуі мүмкін: СІМ мәлімдеме жасады

Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Индонезияда есірткі саудасына қатысы бар деген күдікпен ұсталған екі қазақстандыққа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Айтуынша, екі елдің арасында күдіктілермен алмасу бойынша келісім жоқ. Әзірге олар Қазақстанның консулымен кездеспеген, жергілікті заң бойынша оларға қорғаушы берілген.

«Екі арада келісім жоқ болса да, Индонезияға ресми сауал жолдаймыз. Егер жауап берсе, соның негізінде екі жақты қарым-қатынас жалғасады. Әзірге екі азаматқа қатысты қандай шешім шығатынын күтеміз. Содан соң жұмысты жалғастырамыз», – деп жауап берді ол сенатта журналистердің сұрағына.

Айта кетейік, бұған дейін Индонезияда есірткі бизнесімен айналысқан екі қазақстандық ұсталғанын хабарлаған болатынбыз.