Қыркүйектен бастап қазақстандықтардың мобильді аударымдары тексеріледі
Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов қыркүйектен бастап қазақстандықтардың мобильді аударымдары тексерілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды buginmedia.kz.
«Егер әртүрлі 100 жеке тұлға үш ай қатарынан бір адамға ақша аударатын болса және сома 1 млн теңгеден асатын болса, онда тексеріледі. Туыстар арасындағы аударымдар тексерілмейді», – деді вице-министр Мәжіліс кулуарында.
Мәжілістің жалпы отырысында Сенаттың Салық кодексіне енгізген өзгертулері мақұлданды.