Индонезияда екі қазақстандық өлім жазасына кесілуі мүмкін
Индонезияда есірткі бизнесімен айналысқан екі қазақстандық ату жазасына кесілуі мүмкін, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Orda.kz-тің Associated Press-ке сілтеп жазуынша, Индонезия билігі соңғы екі айда жүргізілген ауқымды операция нәтижесінде 285 адамды есірткі саудасына қатысы бар деген күдікпен ұстағанын хабарлады. Олардың ішінде 29 әйел мен 7 шетелдік азамат бар.
Агенттік төрағасының орынбасары Буди Вибовоның айтуынша, операция барысында 683 келіден астам метамфетамин, марихуана, экстази, гашиш және амфетамин тәркіленген. Оның сөзінше, бұл көлемдегі есірткіні айналымнан алып тастау 1,3 миллионнан астам адамды уланудан сақтап қалуға мүмкіндік берген.
Ұсталған шетелдіктердің қатарында екі Қазақстан азаматы бар екені белгілі болды.
Сонымен қатар, тізімде АҚШ, Малайзия, Үндістан және Австралия азаматтары да бар.
Айта кетейік, есірткі тасымалдаушыларға ату жазасын қарастыратын есірткіге қарсы заңнамаға қарамастан Индонезия Оңтүстік-Шығыс Азиядағы есірткі таситын маңызды транзиттік жол торабы болып отыр.