«Туған күн тойлаған». Алматыда жетінші қабаттан құлап көз жұмған қыздың өліміне қатысты тың дерек шықты
Алматыда тағы бір қыз жетінші қабаттан құлап мерт болды. Оқиға таңғы уақытта қаланың қақ ортасындағы көпқабатты үйде болған, деп хабарлайды buginmedia.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Сұмдық жағдайға куә болған көрші-қолаң әлі есін жия алар емес. Олардың айтуынша, 29 жастағы қыз құрбыларымен бірге тәуліктеп жалға берілетін пәтерге келген. Олар мұнда туған күн тойлаған көрінеді. Қыздар түнімен шулап, көршілеріне ұйқы бермеген. Ал таңғы сағат сегіз шамасында қыз жылаған күйі балконның жақтауына шыққан. Төменгі қабаттағы тұрғындар 102-ге хабарласқан. Полицейлер дереу жетіп, қызды бұл ойынан айнытуға тырысады. Бірақ ол ешкімге құлақ аспаған. Марқұмның мәйіті подьездің дәл алдына түскен.
Қазір жалға берілген пәтер мөрленген. Қылмыстық іс қозғалып, қызды бұл қадамға не итермелегенін анықтап жатыр. Ал тұрғындар дәл осылай тәуліктеп жалға берілетін пәтерлер жын-ойнақтың ордасына айналды деп шағымданып отыр.
"Айқай-шудан ояндым. Құрбыларының бірі оны қатты боқтап жатқанын естідік. Кейін полицейлер келіп, маңайда адам жиналып қалды. Көз алдымызда секірген соң, қатты шошып қалдым. Әлі өз-өзіме келе алар емеспін", - деді Яна Васильева есіпді келіншек.