Алматы облысында анасы мен баласы суға ағып кетті
Алматы облысында құтқарушылар іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр,деп хабарлайды buginmedia.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.
Облыстық ТЖД мәліметінше, 44 жастағы әйел мен оның 10 жастағы баласы Талғар өзенінің жағасына барған. Демалыс кезінде олар суға құлап, ағыс алып кеткен. 22 маусым күні сағат 15:55-те Талғар ауданы Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағындағы Маралсай шатқалында құтқару-іздеу жұмыстары басталған.
– Сағат 18:35-де Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары судан әйелдің мәйітін шығарды. Өзен жағасында баланы іздеу жұмыстары әлі жүріп жатыр. Іздестіру-құтқару операциясына шамамен 110 қызметкер және 20-дан астам техника тартылған, – деп хабарлады облыстық ТЖД.