Жаңалықтар

Алматыда қыз жетінші қабаттан секіріп кетті

Алматыда Молдағұлова көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің жетінші қабатынан 29 жастағы қыз секіріп кетті, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Марқұмның денесі подъездің жанынан табылған.

Қайғылы оқиғаға қатысты қалалық Полиция департаменті түсініктеме берді.

"Алмалы аудандық Полиция басқармасы 29 жастағы қыздың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталуда", – деп хабарлады қалалық ПД.

Оқиға орнынан фото және видео әлеуметтік желілерде тарады.