Алматы облысында пойыз қағып кеткен екі адам қаза тапты
Алматы облысында пойыз қағып кеткен екі адам қаза тапты, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Көліктегі полиция депараментінең мәліметінше, 2025 жылғы 23 маусым күні сағат 19:18-де Алматы облысындағы «Ақсеңгер - Бұрындай» аралығында жолаушылар пойызы белгіленбеген жерден теміржолды кесіп өтпек болған екі адамды қағып кеткен. Ауыр дене жарақаттарынан олар оқиға орнында қаза тапты.
"Аталған факті бойынша Алматы-1 стансасындағы желілік полиция басқармасы ҚР ҚК 344-бабы 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғады. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде", - делінген ақпаратта.
Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.