Мәдениет

Наркенже Серікбаева мен филармония басшысы халық алдына шығып, бірлескен мәлімдеме жасады

Әнші Наркенже Серікпаева мен Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның басшысы Ғалымжан Ерназаров татуласып, келісімге келгендерін мәлімдеді,  деп хабарлайды buginmedia.kz.

«Армысыздар, Қазақ елі! Кешелі бері маған жанашырлық танытып, қолдау білдіріп жатқандарыңызға, рахмет! Алла разы болсын! Бүгін мекемеге келіп, арнайы әкімшіліктен комиссия құрылып, Ғалымжан Ерназаров мырза екеуіміз бір-бірімізді түсіністік.  Бір-бірімізден кешірім сұрадық», - деді Н. Серікбаева

Филармония басшысы да әріптесінің сөзін қостады.

«Кешеден бері резонанс тудырған мәселе үшін кешірім сұраймыз! Әрбір үйдің мәселесі өз ішінде қалуы тиіс еді. Енді елге тарап кеткеннен кейін облыстық мәдениет басқармасынан және әкімшіліктен комиссия келді. Олар екеуміздің талаптарымызды, өтініштеріміз қарады. Бір-бірімізге қоятын мәселе жоқ. Ешақандай дау-дамай және мәселені ушықтырып керек емес», - деді  Ғ. Ерназаров.

\

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от 𝓝𝓐𝓡𝓚𝓔𝓝𝓩𝓗𝓔 𝓢𝓔𝓡𝓘𝓚𝓑𝓐𝓨𝓔𝓥𝓐 (@narkenjeserikbaeva)