Қар, бұрқасын, көктайғақ: 13 қазанға ауа райы болжамы жарияланды
"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 13 қазанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Циклон және онымен байланысқан атмосфералық фронталды бөліктер Қазақстан территориясының басым бөлігінде өз әсерін сақтайтын болады: оңтүстікте, оңтүстік-шығыста найзағаймен жаңбыр, кей уақыттарда қатты жаңбыр, солтүстікте ы күтіледі. Тек еліміздің батысында жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады. Қазақстан бойынша желдің күшеюі күтіледі, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болады.
Түнде Қызылорда облысының солтүстігінде 1 градус үсік күтіледі.
Абай облысының батысында, орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында, Ақтөбе облысының солтүстігінде, Батыс Қазақстан солтүстік-шығысында, Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, Қызылорда облысының батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында, Ақтөбе облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының орталығында, Түркістан облысының шөлді аудандарында, Атырау облысының батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.