Білім

Ләйлә Сұлтанқызы Оксфордтағы қоғамдық ұйымнан шақырту алды

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы Оксфорд университетінің Азия және Таяу Шығыс зерттеулері факультетінен шақырту алғанын айтты, деп хабарлайды buginmedia.kz.

"Қуанышты жаңалығыммен бөліссем деймін.Осыдан бірнеше күн бұрын Оксфорд университетінің Азия және Таяу Шығыс зерттеулері факультетінің BIRSoz ұйымынан шақырту алдым. Бұйырса шетелдік студенттермен түрлі зерттеулер өткізіп, қазақ тілінің ауқымын арттырып, дәрежесін көтеруге атсалысу ойымда. Арнайы speaking club Speaking Club та ашсқ деп қоямын", - деп жазды ол әлеуметтік желіде.

BIRSoz – Оксфордтағы қоғамдық бастама, Түркі және Орталық Азия елдерімен мәдени, тілдік, ғылыми байланысты дамытуға бағытталған. Oxford Birsöz Initiative Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтымен бірлескен меморандум негізінде жүзеге асқан еді. Жоба аясында қазақ тілін халықаралық академиялық ортада зерттеу мен дамыту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"Соңғы уақытта қазақ тіліне деген қызығушылық артқан. Бұл шетелдік студенттер, зерттеушілер мен диаспора өкілдері арасында қазақ тілін, әдебиетін және Қазақстанның мәдени мұрасын үйренгісі келетіндердің санының көбеюінен байқалалады", - дейді тележүргізуші.