Астанада 27 маусымда Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды, деп хабарлайды buginmedia.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2025 жылғы 27 маусымда сағат 10.00-де Астана қаласында шақырылсын», – делінген өкім мәтінінде.