Жаңалықтар

Қатардағы Қазақстан елшілігі сол елдегі қазақстандықтарға үндеу жасады

Қатардағы Қазақстан елшілігі сол елдегі қазақстандықтарға үндеу жасады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Елшіліктің хабарлауынша, қазіргі уақытта Катардағы ахуал бейбіт тұрғындар үшін қауіпсіз.

"Дүрбелеңге салынбауды, қауіпсіз жерде қалуларыңызды және жалпы қауіпсіздік ережелерін сақтауларыңызды сұраймыз. Катарда қалып қойған қазақстандық туристерге қатысты, мәлім болғандай, қазіргі уақытта Катардың әуе кеңістігі толығымен жабық. Әуе қозғалысы қалпына келген бойда қазақстандық туроператорларға жаңа ұшу күндері туралы хабарланады", - делінген ақпаратта.

Тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Елшілік жағдайды жіті қадағалап отыр және қажет болған жағдайда екі елдің жауапты органдарымен келісе отырып, қазақстандық азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қосымша шаралар қабылдайды.

"Жағдай тұрақталғанша қауіпсіз жерде қалуларыңызды өтінеміз.

Төтенше жағдай кезіндегі Елшіліктің байланыс нөмірлері:

+974 4411 0527

+974 4412 8015

+974 5064 9955", - деп қосты елшілік.