Абай облысында 4 балдық жер сілкінісі болды
Абай облысында жер сілкінісі болды, деп хабарлайды buginmedia.kz Ұлттық деректер орталығына сілтеме жасап.
Жер сілкінісі 23 маусым Астана уақыты бойынша сағат 01:23-те болған.
«Үржар қаласынан солтүстік-батысқа қарай 30 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің магнитудасы mb=4.0. Энергетикалық класы K=9.7.», – делінген ақпаратта.