Ақтауда із-түзсіз жоғалған 15 жастағы қыз табылды
Ақтауда жоғалып кеткен 15 жастағы қыз аман-есен табылды, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Ол 16 қазаннан бері іздестірілген.
Жасөспірімнің табылғаны жөнінде қалалық Полиция басқармасы мәлімдеді.
"Ақтау қаласы Полиция басқармасы криминалдық полиция қызметкерлері жасөспірімді ата-анасының арызы негізінде іздеу жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде жоғалған қыз 22 қазан күні Жаңаөзен қаласынан табылды", – делінген хабарламада.
Бұған дейін Ақтауда 15 жастағы жасөспірім таңертең колледжге кетіп, қайтып оралмағаны туралы хабарланды.