Челахқа рақымшылық жасала ма: ҚАЖК төрағасы жауап берді
Сенатта журналистер Арқанкерген оқиғасы бойынша өмір бойына бас бостандығынан айырылған Владислав Челахтың жағдайы қалай екенін сұрады, деп хабарлайды buginmedia.kz.
"Челах заңда көзделген ережелерді ұстанып жүр. Оған рақымшылық жасау туралы қандай да бір материал қарастырылмаған", - деді Ішкі істер министрінің орынбасары-Қылмыстық аткару жүйесі комитетінің төрағасы Абай Қайырбеков.
Айта кетейік, Владистав Челах 2012 жылы 11 желтоқсанда «Арқанкерген» шекаралық бекетінде 15 адамды өлтірді деп айыпталып, өмір бойына бас бостандығынан айырылған болатын. 2013 жылдың наурызынан бастап Қостанай облысы Жітіқара ауданындағы өмір бойына бас бостандығынан айырылған азаматтарға арналған «Қара бүркіт» атты түрмеде жазасын өтеп жатыр.