Әлеумет

Бас прокуратура 16 млн қазақстандықтың жеке дерегі желіге тарап кетуіне байланысты қылмыстық іс қозғады

Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев 16 млн қазақстандықтың жеке деректері желіге тарап кетуіне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды buginmedia.kz

«Бас прокурор Берік Асыловтың тапсырмасы бойынша азаматтардың жеке деректерінің таралу фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 147-бабы (жеке өмірге қолсұғушылық) бойынша қылмыстық іс тіркелді», - дейді бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев.

Істі тергеу Ішкі істер министрлігіне жүктелген.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиевтің түсіндіруінше, ол деректер – осыған дейін қолды болған ақпарат. Біреу сол ақпараттарды жинап, қайта таратқан. Жаңа деректердің ұрлануына қатысты жағдай тіркелген жоқ деп атап өтті.