Жаңалықтар

Атышулы P. Diddy 13 жасар қызға зәбір көрсетті деп айыпталды

Американдық рэпер П.Диддидің өмір салты туралы тағы бір жағысыз ақпарат тарады,  деп хабарлайды buginmedia.kz.

Біртіндеп құрбандар саны да артып келеді. Бұрынғысы аздай, енді оған 13 жасар қызға зорлық көрсетті деген айып тағылған. 

Page Six мәліметінше, Диддиге қарсы 13 жасында одан зорлық көрдім деген әйел сотқа шағым түсірген. Оқғиға 2000 жылы MTV музыкалық сыйлығынан кейін болған.

Дәл сол кезде 13 жастағы жасөспірім қыз, қалай екені белгісіз, Комбспен бір ортада болған. Алайда, қыз ішкен сусынынан кейін өзін нашар сезініп, жатуға кеткен. Оның артынан Дидди жатын бөлмеге кіріп, оған зорлық көрсеткен.

Жәбірленушінің айтуынша, Шон жалғыз болмады. Оның қасында тағы екі атақты адам болған — сотта олардың есімі жария етілмеді. Дегенмен, олардың ішінде әйел адам болғаны белгілі болды.

Жәбірленушінің адвокаты бұл оқиға оның өмірін түбегейлі өзгерткенін мәлімдеді. Ол депрессияға ұшырап, әлі күнге қалпына келе алмаған.