Әлеумет

Таяу Шығыста жүрген отандастарымыз елге қайтарылып жатыр

Таяу Шығыста жүрген отандастарымыз елге қайтарылып жатыр, деп хабарлайды buginmedia.kz Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Ведомствоның хабарлауынша, аз уақыт ішінде  200-ден астам қазақстандық хабарласып, оларға көмек көрсетілген. Ирандағы барлық қазақстандықтармен үздіксіз байланыс орнатылып, олардың алдын ала келісілген транзиттік бағыттары бойынша жүріп-тұруы ұйымдастырылды.

"Отандастарымызды елге қайтару бойынша жұмыс жалғасуда және қазіргі уақытта ҚР СІМ басқа құзыретті ведомстволармен бірлесіп Қазақстан азаматтарын Израиль Мемлекетінен де эвакуациялауды пысықтауда", - делінген ақпаратта.