Қыдырәлі мен Қарақат маралдың мүйізінен дайындалған сорпаға түсті
Әнші Қыдырәлі мен Қарақат маралдың мүйізінен дайындалған сорпаға түсіп, Қатонқарағайға демалып қайтты, деп хабарлайды buginmedia.kz.
"Қыдекең екеуміз Өскеменге мектеп ашуға келген сапарымызда Қатонқарағайға соға кетуді жөн көрдік.
Ем іздегенге шипа, шаршағанға сая болар мекен бұл ...
“Көкшетау - адамның қасы болса, Қатон - шашы” деп жергілікті халық әзілмен астарлап, әдемі теңеу айтады екен. Шынымен де сұлулықтың шыңы, табиғаттың айнасы десе болады.
Телефонды сөндіріп, табиғатпен үнсіз тілдесудің өзі нағыз медитация емес пе?! Саф ауа, самал жел, жайқалған орман, таудың тынысы - бәрі жанды тыныштандырып, бойға қуат береді.
Маралдың мүйізінен дайындалған сорпаға түсіп, буын-буынға шипа алдық. Жай ғана демалыс емес, рух пен тәннің қайта түлеуі болды.
Біз көп жағдайда демалысты шетелмен байланыстырғымыз келеді. Шын мәнінде өз елімізде де жан рахатын сыйлайтын киелі, көркем жерлер жетерлік. Қатон - соның бір ғана дәлелі. Жанға шипа, дертке дауа, көңілге тыныштық іздесеңіз, Қатонқарағайға келіңіздер!", - деп жазды әнші Қарақат Әбілдина әлеуметтік желіде.