Шоу-Бизнес

Танымал «Қызыл раушан» әнінің авторы ішімдікке салынып, қайыршы болып кеткен

Ішімдікке салынып, қайыршы болып кеткен «Қызыл раушан» әнінің авторы Шуақ Рахымбердіні белгілі блогер Рахат Маратов тауып алып, одан сұқбат алған, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Блогер Рахат Маратов ақынмен қысқа әңгімесін видеоға түсіріп алған.

Сөз арасында Шуақ Рахымберді «Қызыл раушан» әнінің сөзін өзі жазып, әнші Ұланғасыр Қамиге 1,5 мың долларға сатып жібергенін айтады.

«Бүкіл Қазақстанға сәлем, жігіттер жолдарың бола берсін. Ей, қызыл раушан бақытты бол, Аллаға шүкір, мен де бақытсыз емеспін. Мен сені әлі таңқалдырамын. Қызыл раушанды әйеліме арнап шығардым. Орысшадан аударып, қазақша жаздым.Қазір Ұланғасыр Қами айтып жүр», - дейді ол.

Сондай-ақ Шуақ Рахымберді айтыскер ақын Мұқтар Ниязовтың шәкірті болғанын айтпапды.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Рахат Маратов (@rakhat_maratov)