Бас прокуратураның мәліметінше, Алматы қаласында іске қосылған SIM KIDS пилоттық жобасы кәмелетке толмаған балаларды интернеттегі зиянды контенттен қорғауды көздейді.
SIM KIDS жобасы Бас прокурордың тапсырмасымен жүзеге асырылған. 2023-2025 жылдарға арналған балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету жөніндегі Кешенді жоспарға кәмелетке толмағандарды интернеттегі деструктивті контенттің зиянды әсерінен қорғауға бағытталған ұсыныстар әзірленген.
«Осы бастама аясында Алматы қаласының прокуратурасы TELE2/ALTEL байланыс операторымен бірлесіп «SIM KIDS» пилоттық жобасын іске қосты. Бұл интернетке қауіпсіз және бақыланатын қол жеткізуді қамтамасыз ететін арнайы балалар SIM-картасы», – делінген хабарламада.
Прокуратура мәліметінше, балаларға арналған sim-карта автоматты түрде зиянды контентті бұғаттап отырады. артаның бір ерекшелігі баланың телефоны дыбыссыз режимде болса да, ата-ананың баламен байланыс орнтуына мүмкіндік береді. Сондай-ақ ата-аналар баланың қосымшалардағы белсенділігін бақылай алады.
Жоба пилоттық сынақтан сәтті өткен. Қазіргу уақытта аталмыш sim-картаны кез-келген адам пайдалана алады.