Жаңалықтар

Air Astana мен FlyArystan ұшақтары Иран мен Ирак әуе кеңістігін айналып ұшады

Air Astana әуе компаниясы Иран мен Ирак әуе кеңістігінің жабылуына байланысты кейбір рейстердің бағытында өзгерістер болатынын мәлім етті, деп хабарлайды buginmedia.kz әуе компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Air Astana тобы Иран мен Ирак әуе кеңістігінің жабылуына байланысты кейбір Air Astana және FlyArystan тұрақты және чартерлік рейстерінің бағытындағы өзгерістер туралы жолаушыларды хабардар етеді. Шарм-эль-Шейх, Дубай, Доха, Манама және Мединаға рейстер Иран мен Ирак әуе кеңістігін айналып ұшады", - делінген ақпаратта.

Сондай-ақ компания өкілдері жағдайды мұқият бақылайтынын және кейінгі өзгерістер туралы хабардар ететінін мәлімдеді. Жолаушылардан рейстердің мәртебесін тексеруді сұрайды, себебі рейстердің кестесінде өзгерістер болуы мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін түнде Израиль Иранның ядролық нысандары мен зауыттарына соққы жасады.