Израиль Иранның ядролық нысандары мен зауыттарына соққы жасады
Израиль Ирандағы ядролық нысандар мен зымыран зауыттарына соққы жасағанын мәлімдеді, деп хабарлайды buginmedia.kz kursiv.media-ға сілтеме жасап.
Тағы бір шабуыл Тегерандағы Ислам революциясы сақшыларының бас кеңсесіне жасалған. Бұл туралы Reuters хабарлады.
Басылым мәліметінше, Иран ақпарат құралдары мен куәгерлер Нетензде уран байыту кәсіпорында жарылыс болғанын айтып жатыр. Бұл уақытта Израиль төтенше жағдай жариялап, Тегеран тарапынан қарымта шабуылды күтіп отыр.
Иран мемлекеттік телеарнасының хабарлауынша, Ислам революциясы сақшыларының Тегерандағы бас кеңсесіне жасалған шабуылдан бөлім басшысы Хоссейн Салами қаза тапты. Астанадағы тұрғын аудандарда бейбіт тұрғындар, соның ішінді бірнеше бала жан тапсырғаны туралы айтылды.
«Біз Израиль тарихындағы шешуші кезеңді бастан өткеріп жатырмыз. Бірнеше минут бұрын Израиль «Адуынды арыстан» операциясын бастады. Ол Иранның Израильге төндірген қауіпін жоюды көздейді», – деп мәлімдеді Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху.
Оның айтуынша, қанша уақыт қажет болса, операция сонша уақытқа созылады.
Израиль әскери шенеуніктерінің мәлімдеуінше, Израиль ядролық және әскери ондаған нысандарға соққы жасап жатыр. Олардың арасында Иран орталығындағы Нетенз қаласында орналасқан нысандар да бар.
Шенеуніктердің бірінің айтуынша, Иранда бірнеше күннің ішінде 15 ядролық бомба дайындайтын материал жеткілікті.