Астанада тағы да жол апаты болып, бірнеше адам зардап шекті
Астанада жолаушылар автобусы мен Toyota маркалы жеңіл көлік соқтығысты, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Астана қаласы Полиция департаментінен аталған жол-көлік оқиғасына қатысты пікір білдірді.
"Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota көлігінің жүргізушісі Республика даңғылында оңға бұрылу кезінде қоғамдық көлікке жол бермеген. Салдарынан Iveco маркалы автобуспен соқтығысқан", - деді Астана қаласы ПД ресми өкілі Эльмира Шауленова.
Оның айтуынша, апат салдарынан автобустың екі жолаушысы зардап шекті. Олар дәрігерлер тексергеннен кейін үйлеріне жіберілді.
Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып, тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Жол апатының видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.