"Маған бір тиын керек емес": Шерзат Полаттың әкесі сотталғандардан түсетін қаржылай өтемақыны балалар үйіне бермек
Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов сотталғандардан түсетін қаржылай өтемақыны балалар үйіне бергісі келеді. Бұл туралы оның адвокаты Мейірман Шекеев Instagram-дағы парақшасында айтты, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Адвокат Қаржаубай басынан қаржылай өтемақыға қызықпағанын, бар болғаны ұлының атына кір келтірмеуді сұрағанын жеткізді.
"Қаржайбау - адал азамат. Басында "баламды олар қараламасыншы" деп келген еді. "Маған бір тиын қажет емес, қылмыспен келген ақша"деді. Ақша түсетін болса, оны балалар үйіне немесе басқа жерге аударамын" деді. ", - дейді ол.