Әлеумет

Түркістан облысында колледжде оқитын қызды өлтіріп кетті: күдікті ұсталды

Түркістан облысы Төрткүл ауылында колледж студенті өлі табылды, күдікті қамауға алынды, деп хабарлайды buginmedia.kz облыстық полиция департаментне сілтеме жасап.

«6 маусым күні сағат 07:05-те Түркістан облысы Ордабасы ауданы Төрткүл ауылында қыз баланың мәйіті табылды. Ол - колледждің бірінші курс студенті. Күдікті ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс қозғалды», - делінген хабарлдамада.

Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жүріп жатыр.

Қылмыстық істі тергеу барысы полиция басшылығының қатаң бақылауына алған.