Аймақ

Алдағы күндері елімізде 42 градус ыстық болады

«Қазгидромет» РМК  3 -5 маусымға ауа райы болжамын жариялады,  деп хабарлайды buginmedia.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері солтүстік-батыс циклонының және онымен байланысты атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі: жаңбыр, найзағай, екпінді жел. Күндіз солтүстік пен солтүстік-батыс өңірлерде күшті жаңбыр жауады, бұршақ түсуі мүмкін. Оңтүстік-батыста, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста шаңды дауыл күтіледі.

"Қазақстанның солтүстігінде ауа температурасының аздап төмендеуі болжанады: түнде 10-17 градустан 8-15 градус жылыға дейін, күндіз 25-30-дан 18-23 градус жылыға дейін.Шығыста ауа температурасы сәл жоғарылайды: түнде 7-18-ден 9-20 градус жылуға дейін, күндіз 22-33-тен 24-35 градус жылуға дейін. Оңтүстік-шығыста да аздап көтерілуі мүмкін: түнде 5-15-тен 7-17 градус жылуға дейін, күндіз 22-30-дан 25-35 градус жылуға дейін. Оңтүстік өңірлерде күндіз — 40-42 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі", - делінген хабарламада.