Мәзір
27 мамыр, 2025 / BuginMedia / Жаңалықтар

Ақтөбеге ресейлік ұшақ шұғыл қонды: борттағы жолаушы көз жұмды

Ақтөбеге борттағы жолаушы қайтыс болуына байланысты ресейлік ұшақ шұғыл қонды,  деп хабарлайды buginmedia.kz.

Ақтөбеге ресейлік ұшақ шұғыл қонды: борттағы жолаушы көз жұмды Ақтөбеге ресейлік ұшақ шұғыл қонды: борттағы жолаушы көз жұмды
Фото: Ә.Молдағұлова халықаралық әуежайы

Ақтөбе халықаралық әуежайының хабарлауынша, бүгін сағат 12:40-та Ақтөбе халықаралық әуежайына Екатеринбург — Сочи бағыты бойынша NWS504 рейсімен Nordwind Airlines әуекомпаниясының Boeing-777 ұшағы шұғыл қонған.

"Жоспардан тыс қонудың себебі борттағы жолаушылардың бірінің әл-ауқатының күрт нашарлауы болды. Әуе кемесіне қонғаннан кейін шұғыл әрекет ету қызметтері мен медициналық бригада жедел түрде жіберілді. Өкінішке орай, барлық қабылданған шараларға қарамастан, жолаушыны құтқару мүмкін болмады. Жолаушы, 1983 жылғы әйел ұшақ Ақтөбеге қонғанға дейін қайтыс болды", - делінген ақпаратта.

Осы жағдай бойынша құзыретті органдармен өзара іс-қимылдың белгіленген рәсімі жүргізілуде.

Апта талқысында: