Жамбыл облысында 2-3 балдық жер сілкінісі болды
Жамбыл облысы аумағында жер сілкінісі болды, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Сейсмологтардың мәліметінше, зілзаланың ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 338 шақырым жерде, Жамбыл облысы аумағында тіркелді. Жер сілкінісі Астана уақытымен 15:08-де болған.
Құлан ауылында – 3 балл
Меркі ауылында – 2 балл
«Жер сілкінісінен зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы ақпарат түскен жоқ», – делінген хабарламада.