Саясат

Депутаттар ертең жиналғалы жатыр: Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев қызметінен кетеді деген ақпарат тарады

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев қызметінен кетуі мүмкін, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Алматы қаласының мәслихаты жаңа әкімді тағайындауға келісім беру үшін ертең жиналыс өткізеді.

«Алматы қаласының әкімін тағайындауға келісім беру үшін Алматы қаласының мәслихаты 2025 жылғы 24 мамыр күні сағат 12:00-де VIII сайланымдағы Алматы қаласы мәслихат депутаттарының жиналысы өтетінін хабарлайды», - делінген Алматы қаласы мәслихатының сайтында.

Әлеуметтік желіде Досаев өз орнын босатады деген ақпарат тарап жатыр. Ерболат Досаев Алматы қаласын 2022 жылғы 31 қаңтардан бері басқарып келеді.